Алматының коммуналдық қызметі қалай жұмыс істеп жатыр

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

9 қараша күні сағат 09:10-дан бастап Алматыда жаңбыр жауа бастады, жауын-шашын 10 қарашаның таңына дейін болады деп болжануда. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша қалада жауын-шашын мөлшері 0,4-0,5 мм-ге жетті.

Жарияланған күні мен уақыты: «14-11-2023 05: 06» Мақала авторы: Администратор Сайта

Осыған байланысты, арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету, ықтимал су басудың алдын алу және жою мақсатында 39 кезекші бригада, 184 бірлік арнайы техника, 22 мотопомпалар және 804 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 1850 қап құм жиналды.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша Алматы қаласында 10 қарашаның таңына дейін орташа жаңбыр жауады, күндіз температура +8...+10, түнде + 4...+6 градус болады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.