Қазақстандағы қорғаншылық және қамқоршылық: шарттары және қажетті рәсімдерБаспаға шығару нұсқасы

Жарияланған күні мен уақыты: «24-08-2023 04: 24» Мақала авторы: Администратор Сайта

Асырап алу, қамқоршылық және патронат – ерекше жауапкершілік пен маңызды шешуді талап ететін қарым-қатынас түрлері. Баланы қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алу туралы шешімді қабылдай отырып тек моральдық қана емес, сонымен қатар заңдық тұрғыдан да дайын болу қажет. Қазақстанда баланы қамқоршылыққа, қорғаншылыққа қабылдаудың негізгі шарттары мен кезеңдерін біз аталмыш мақалада қарастырамыз.

Алдымен асырап алатын ата-ана мен баланың қарым-қатынасын сипаттайтын түсініктерді талдайық. Неке және ерлі-зайыптылық туралы кодекске сәйкес заңды қатынастардың түрлері мыналар болуы мүмкін: асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбие. Аталмыш мақалада біз қорғаншылық пен қамқоршылықты қарастырамыз, сіз Қазақстандағы бала асырап алу тәртібімен танысып, қалай патронаттық тәрбиеші болуға болатынын да біле аласыз.

Қамқоршылық пен қорғаншылық жалпы көп жағдайда мүліктік құқықтарды анықтайды, алайда бұл  қамқоршы немесе қорғаншы қамқорлыққа алынатынға қамқор болмауы керек дегенді білдірмейді. Асырап алудан қамқорлық пен қорғаншылықтың басты айырмашылығы оларды белгілеу қажеттілігінің туындауы, әрекет қабілеттілігін және жасын шектеу болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл өзінің жасы мен денсаулығына байланысты өздігінен өмір сүре алмайтын, өзінің құқықтарын қорғай немесе мүлікке басшылық жасай алмайтындарға көмек.

Қамқоршы, қорғаншы кім бола алады?

Егер бұл баланың мүдделеріне қайшы келмесе, қамқоршы немесе қорғаншы оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін. Басқаларға қарағанда жақын туысқандарының қамқоршы немесе қорғаншы болуға басым құқығы бар. Қамқоршылықты әдетте әжелер, аталар, кәмелетке толған ағалар мен әпкелер, кейде – балалардың ағалары мен тәтелері қабылдайды. Бірақ қамқоршылыққа сырттағы адам да алуы мүмкін.

Қамқоршылар және қорғаншылар болып, төмендегілерді қоспағанда кәмелетке толған адамдар ғана бола алады:

1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;

2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

3) өзіне Қазақстан Республикасының Заңымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілгендерге;

4) Егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

5) денсаулық жағдайы бойынша қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар;

6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдар;

7) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 12) тармақшасында аталған адамдарды;

8) азаматтығы жоқ адамдар;

9) анасының қайтыс болуына немесе ата-ана құқығынан айыруға байланысты баланы кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелеу жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) еркек жынысты адамдар;

10) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар;

11) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;

12) соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшыраған адамдар (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда): адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығы мен имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы;

13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Неке және ерлі-зайыптылық туралы Кодекстің 91 бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.

Балаға қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау кезінде қорғаншының немесе қамқоршының адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның Қорғаншының немесе қамқоршының міндеттерін орындауға қабілеттілігі, қорғаншы немесе қамқоршы мен баланың арасындағы қарым-қатынасы, қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерінің балаға көзқарасы, сондай-ақ мүмкін болса, баланың өзінің тілегі ескеріледі.

Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындайтын адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), оның жұбайының міндетті түрде келісімі талап етіледі.

Қамқорлыққа алынушылар білім беру ұйымында не медициналық ұйымда тәрбиеленуде немесе емделуде болған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың қорғаншылары немесе қамқоршылары өздерінің қамқорлықтағыларымен бірге тұруға міндетті. Қорғаншының он алты жасқа толған қамқорлыққа алынушымен бөлек тұруына қамқорлыққа алынушының тәрбиесіне және құқықтары мен мүдделерін қорғауға қолайсыз әсер етпеген жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсатымен жол беріледі.

Қамқоршы немесе қорғаншы болып тағайындалудың басым құқығына ерлі-зайыптының бірі, ата-анасы, туысқандары немесе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдар ие.

Қандай балаларға қамқорлық пен қорғаншылық белгіленуі мүмкін?

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар асыралуға, тәрбиеленуге, олардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына ерекше мұқтаж. Дәл осы себептен қайырымдылық, қамқоршылық және қорғаншылық белгіленеді. Қамқоршылық пен қорғаншылық мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен мүдделерді көбірек білдірсе, онда патронаттық тәрбие үлкен қызығушылық танытуды білдіреді.

Қалауыңызға қарай сіз, егер мүдделер арасында қайшылықтар болмаса бірнеше балаға қамқоршы немесе қорғаншы бола аласыз.

Осылайша:

бала үшін: жетімдер немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;

кәмелетке толған, сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылғандар үшін қамқоршы немесе қорғаншы болуға болады.

Қамқорлық және қорғаншылық есебінде тұрған және ауруханада,  балалар үйінде, баспанада болатын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар үшін қамқоршы немесе қорғаншы болуға болады.  Әдетте немесе  қорғаншы болып ата-анасынан айрылған және тастанды баланың қамқоршысы туыстары болады: әжелері, аталары, тәтелері және т.б. Бірақ бұл қамқорлыққа қандас емес баланы ала алмайды деген сөз емес.

Қамқоршыларға және қорғаншыларға көмек және материалдық төлемдер

Кодекстің 125-бабына сәйкес, өз міндеттерін ақысыз орындаса да, қамқорлығындағыларды өз қаржысы есебінен асырауға міндетті емес. Қамқорлықтағы адамды асырау қамқорлықтағы алатын еңбекақы, алименттер, зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің есебінен, сондай-ақ оған тиісті мүлік есебінен  жүзеге асырылады.  Қамқорлықтағыны асырап алуға жеткілікті қаржы болмағанда қамқоршылық және қорғаншылық органдары оны асырап алуға жәрдемақы тағайындайды. Жәрдемақыны онлайн төлеуге өтініш беру және жәрдемақыны тағайындау туралы толық ақпаратты  осы жерден білуге болады. Жәрдемақы мөлшерлері туралы толық ақпаратты сіз Қазақстандағы жәрдемақы және төлемдер мақаласынан біле аласыз.

Қамқоршылар/қорғаншылар өз қамқорлығындағыларға қамқор болуға міндеттілігіне байланысты егер оны асырау бойынша міндеттері болса немесе оны орындамаса, өз қамқорлығындағының ата-анасына (ата-анасының біріне) алименттерді төлеу туралы талаптарды қою құқығы ғана емес, міндеті де бар. Алименттерді төлету туралы толық ақпарат осы жерде.

Қамқоршылар және қорғаншылар, патронаттық тәрбиешілер қамқорлығындағының мүлкіне, оларға төленетін алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және қамқорлықтағыларды асырауға төленетін өзге де әлеуметтік төлемдерге үміткер бола алмайды. Оларды балаларды тәрбиелеуге және асырауға ғана жұмсауға болады. Мысалы, баланы дамытуда пайдасы болатын компьютер, музыкалық құрал немесе басқа да нәрселерді сатып ала алады.

Қалай қамқоршы немесе қорғаншы болуға болады? Қажетті құжаттар мен рәсімдер тізімі

Қамқоршылық немесе қорғаншылықты белгілеу "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік қызмет көрсету ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде - 19 жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесі - аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім бөліміне (басқармаға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Балаға қамқорлық/қорғаншылықты белгілеуге қажетті құжаттар:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтініш;

алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі егер некеде тұрса;

көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама;

неке қию туралы куәлігінің көшірмесі, егер некеде тұрса;

баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі;

балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелері (бала некеден тыс туған болса);

көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) табыстары туралы мәліметтер;

көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);

баланың (балалардың) пікірі (он жасқа толған кезде);

жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (баланың жақын туыстарын қоспағанда) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамдар үшін оқуды аяқтағаны туралы сертификат (2020 ж. 1 шілдеден бастап).

Қамқоршылық және қорғаншылық органы баланы тәрбиелеуге қатысатын адамның тұрғын үй-тұрмыстық шарттарына тексеру жүргізеді, оның қорытындылары бойынша акт дайындалады.

Баланың өмір сүру шарттарын тексеру және тәрбиелеуге үміткер адамның өмір сүру шарттарын тексеру актілерінің негізінде қамқоршы/қорғаншы әкмдік шешімі бойынша өзінің мәртебесін алады, осының негізінде қамқоршы/қорғаншының куәлігі беріледі.

Сеніп тапсырылған баланы күту, тәрбиелеу, қамқоршылық және қорғаншылық. Баланың мүддесінде және т.б. қамқоршылық пен қорғаншылықта қажеттілік жоқ шарттар орын алғанға дейін мүлікті басқару. Қамқоршылық және қорғаншылық органына есептерді ұсыну.

Қамқоршы қамқоршылық және қорғаншылық органына қамқорлығындағының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиесі бойынша жұмыс туралы, сондай-ақ оның мүлкін басқару бойынша есептерді 6 айда бір реттен жиі емес ұсынуға міндетті. Есеп нысаны қандай екенін білу.

Қарым-қатынастардың қандай түрі маған сай келетінін қалай түсіну керек немесе қамқоршылық, қорғаншылық, патронат несімен ерекшеленеді

Көрсеткіш

Қамқоршылық

Қорғаншылық

Патронат

Жасы және ерекше шарттары

*14 жасқа толмаған балаларға;

* психикалық ауру немесе ақымақтық салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға.

*14 тен 18 жасқа дейінгі жастағы кәмелетке толмағандарға;

*әрекеттігі сотпен шектелген адамдарға (спирттік ішімдіктер және есірткі заттарын шамадан тыс қолдану салдарынан);

*денсаулық жағдайы бойынша кәмелетке толған, денсаулық жағдайы бойынша  өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және өзінің құқықтарын қорғай алмайтын адамдарға әрекетке қабілетті адамдардың өзінің өтініші бойынша және олардың келісімімен.

отбасы талап ететін баланың жасына, мәртебесіне және жай-күйіне қарамастан. 

Негізі

ата-анасының қайтыс болуы; баладан бас тартуы; ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған және қалпына келтірілмеген; белгісіз; оларды әрекетке қабілетсіз деп тану.

ата-анасының қайтыс болуы; баладан бас тартуы; ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған және қалпына келтірілмеген; белгісіз; оларды әрекетке қабілетсіз деп тану.

ата-анасының қайтыс болуы; баладан бас тартуы; ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған және қалпына келтірілмеген; белгісіз; оларды әрекетке қабілетсіз деп тану.

Ұзақтығы

сот әрекет қабілеттілігін танығанға дейін;

әрекет қабілеттілігі бойынша шектеу жойылғанға дейін; 14 жасқа жету және қорғаншылықты тағайындау

сот әрекет қабілеттілігін танығанға дейін;

әрекет қабілеттілігі бойынша шектеу жойылғанға дейін;

18 жасқа толу;

шарт мерзімдері аяқталғанға дейін

Материалдық төлемдер

балаға тағайындалған барлық жеңілдіктер және әлеуметтік төлемдер (асыраушысынан айрылуы бойынша, мүгедектігі бойынша, алименттер және басқалары), сондай-ақ балаға тиісті мүліктен;

қажеттілігі болғанда – қамқорлыққа алынған баланы асырап алуға.

балаға тағайындалған барлық жеңілдіктер және әлеуметтік төлемдер (асыраушысынан айрылуы бойынша, мүгедектігі бойынша, алименттер және т.б.), сондай-ақ балаға тиісті мүліктен;

қажеттілігі болғанда – баланы асырауға жәрдемақы.

балаға тағайындалған барлық жеңілдіктер және әлеуметтік төлемдер (асыраушысынан айрылуы бойынша, мүгедектігі бойынша, алименттер және т.б.), сондай-ақ балаға тиісті мүліктен;

қажеттілігі болғанда – асырап алынатын баланы асырауға жәрдемақы.

Үміткердің артықшылығы

туысқандары, туыстары

туысқандары, туыстары

педагогикалық қызметкерлер

Ақпарат көзі: https://egov.kz/cms/kk/articles/child/2Fguardianship_trusteeship