Қазақстандағы патронат: шарттары, талаптары және қажетті рәсімдер

Жарияланған күні мен уақыты: «13-11-2023 10: 09» Мақала авторы: Администратор Сайта

Асырап алу, қамқоршылық және патронат – ерекше жауапкершілік пен маңызды шешуді талап ететін қарым-қатынас түрлері. Баланы қамқоршылыққа және қорғаншылыққа алу туралы шешімді қабылдай отырып тек моральдық қана емес, сонымен қатар заңдық тұрғыдан да дайын болу қажет. Қазақстанда баланы қамқоршылыққа, қорғаншылыққа қабылдаудың негізгі шарттары мен кезеңдерін біз аталмыш мақалада қарастырамыз.

Алдымен асырап алатын ата-ана мен баланың қарым-қатынасын сипаттайтын түсініктерді талдайық. Неке және ерлі-зайыптылық туралы кодекске сәйкес заңды қатынастардың түрлері мыналар болуы мүмкін: асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбие. Бұлардың әрқайсысына толығырақ тоқтаймыз.     

 

Патронат пен патронаттық тәрбиелеудің мәнісі мен артықшылықтары и патронатного воспитания

Ұл баланы асырап алу  (қыз баланы асырап алу) - нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайтын сот шешімі негізінде баланы (балаларды) отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны. ҚР баланы асырап алу тәртібі мен шарттары туралы толығырақ білу.

Патронат - жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек бiлдiрген адам жасайтын шарт бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге берілетін тәрбие нысаны.

Қорғаншылық - он төрт жасқа толмаған балалардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

Қамқоршылық – он төрттен он сегіз жасқа дейінгі баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

Осылайша, қалыптасқан жағдайға байланысты, сіз мынаны түсінуіңіз қажет, егер сіз отбасыңызға баланы қабылдап, ол үшін туған балаңыздай  жауапкершілікті артуға дайын болсаңыз, оның келешекте мүлікке құқық иеленуіне дайын болсаңыз, онда баланы асырап алуға тоқталуыға болады. Бұл ретте барлық шығындарды сіз өзіңізге аласыз. 

Қақмқоршылық пен қорғаншылық көп жағдайда жалпы мүліктік құқықтарды анықтайды, алайда бұл қамқоршы немесе қорғаншы қамқорындағының қамын ойламау керек деген сөз емес. Қамқоршылық немесе қорғаншылықтың асырап алудан басты айырмашылығы әрекет қабілеттілігін және жасын шектеу аспектілері болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл жасына немесе денсаулығына байланысты өзінің құқықтарын дербес қорғай алмайтын және мүлкін басқара алмайтындарға көмек.

Егер сіз баланы туысқандық және мүліктік құқықтарға иеленусіз тәрбиелеу неғұрлым қолайлы деп есептесеңіз, онда бұл жағдайда патронатты таңдау қажет. Баламен қарым-қатынас бұл жағдайда қамқоршылық және қорғаншылық органымен реттеледі, ал патронат ақылы негізде және белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады. Бірақ сіз баланы өз есебіңізден асырауға міндетті емессіз, бұдан басқа сізге еңбекақы төленеді.

Балалардың патронаттық тәрбиесі көптеген отбасыларға және жұптарға келеді. Патронат балаға жылы отбасылық атмосферада тәрбилену мүмкіндігін берсе, ал патронаттық тәрибешіге баланың қамын ойлауға және онда жақсы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кейде балалары жоқ немесе балалары өсіп кеткен және өздігінен өмір сүретін жұптар балаларды патронаттық тәрбиеге алады. Патронаттық тәрбие – бұл сондай-ақ бір балаға қолайлы отбасылық жағдайда өсуге көмектесе отырып, өзінің әлеуметтік парызын орындау мүмкіндігі.

Шын мәнісінде патронат балаға қамқоршылық немесе қорғаншылықты белгілеу нысаны болып табылады. Патронаттың басты артықшылығы бала отбасылық ортаға келе отырып, толыққанды күтім, қамқорлық пен назарды алатындығында, отбасында тұру тәжірибесіне, жеке өмір сүру дағдыларына ие болады. Бұл сияқты нысан ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың болашақтағы тағдырын толығымен нақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Аталмыш нысанның негізгі мақсаты – баланың әлеуметтенуі, отбасындағы өмір тәжірибесін алу.

Қандай балаларға қамқоршылық, қорғаншылық немесе патронат белгіленуі мүмкін?

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, тәрбиеленуге, асырауға мұқтаж. Дәл осы мақсаттар үшін  қамқоршылық, қорғаншылық және патронат белгіленеді. Және егер қорғаншылық және қамқоршылық мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен мүдделерді білдіреді, онда патронаттық тәрбие баланың тәрбиесіне үлкен қызығушылықты білдіреді.

Патронат нысанындағы қамқоршылық немесе қорғаншылық кәмелетке толмаған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, соның ішінде білім беру ұйымдарында, медициналық немесе басқа ұйымдағы балаларға белгіленеді.

Осылайша, патронаттық тәрбиеші мыналар болуы мүмкін:

бала үшін: жетімдер немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар.

Патронаттық тәрбиеші болып ауруханада, балалар үйінде, жетімханада немесе өзге ұйымдардағы және қамқоршылық және қорғаншылық органдарындағы жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға болуға болады.

Патронаттық тәрбиеге қабылдауда баланың тілегі ол 10 жасқа толуы бойынша  ескерілетін болады.

Патронаттық тәрбиеші кім бола алады?

Патронаттық тәрбиеші болып тек екі жыныстың да кәмелетке толған, педагогикалық қызметкерлердің лауазымына қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келетін адамдары ғана бола алады, оларға жатпайтындар:

1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;

2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

3) өзіне Қазақстан Республикасының Заңымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілгендерге;

4) Егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

5) денсаулық жағдайы бойынша қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар;

6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдар;

7) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 12) тармақшасында аталған адамдарды;

8) азаматтығы жоқ адамдар;

9) анасының қайтыс болуына немесе ата-ана құқығынан айыруға байланысты баланы кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелеу жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) еркек жынысты адамдар;

10) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар;

11) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;

12) соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшыраған адамдар (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда): адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығы мен имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы;

13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Неке және ерлі-зайыптылық туралы Кодекстің 91 бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.

* Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесеқамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесі:

  • Адамның жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) және адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ).Маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық.Әсіресе жыныстық жолмен берілетін аурулар (емделмеген мерез, емделмеген соз, емделмеген урогениталды хламидиоз).Біріктіруші тіндерді ыдыратудың ауыр сырқаттары (жүйелі қызыл жегі, склеродермия, дерматомиозит).Ауыр созылмалы буллездік дерматоздар (акантолиттік көпіршік, пемфигоид, терінің ихтиозонысанды зақымдануы, буллездік эпидермолиз).
  • Медициналық қорытындының негізінде тұрақты басқа күтім мен көмекті қажет ететін аурулар.
  • Ороговенияның бұзылуымен ауыр дерматоздар (ихтиоздардың ауыр нысандары, ихтиозонысанды эритродермия, артропатиялық псориаз).
  • Алапес, АХЖ - 10 бойынша кодтары А30.0 - А30.9.
  • Туберкулез (бактерия бөлетін созылмалы, алғаш рет анықталған, бацилла бөлетін (абацилирлеу сәтіне дейін).
  • Психикалық аурулар, күйзеліске және соматонысандық бұзылуға байланысты невроздықтан басқа АХЖ 10 бойынша кодтары F00-F79АХЖ 10 бойынша кодтары F40-F48.

Патронаттық тәрбиешілерге көмек және материалдық төлемдер

Қамқоршыдан/қорғаншыдан патронаттық тәрбиешінің ерекшелігі патронаттық тәрбиеші балаға берілетін төлемдердің үстіне еңбекақы алады. Патронаттық тәрбиеде болатын бала ата-анасынан алименттерді алу құқығын сақтайды, ал қайтыс болған жағдайда – асыраушысынан айрылуы бойынша зейнетақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер. Олар сондай-ақ тиісті санаттар үшін көзделген жеңілдіктер құқығына ие (мүгедек бала, жетім бала немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала), қоғамдық көліктегі тегін жол жүру, мектепте тамақтану, жазғы демалыс. Бұдан басқа, патронат тәрбиешіге патронат тәрбиеші мен қорғаншы және қамқоршы орган арасындағы шарт негізінде ақша қаражатын тағайындау туралы шешім шығарылған күннен бастап баланы асырап-бағуға ақшалай қаражат төленеді. Патронат тәрбиешілерге ай сайын мынадай мөлшерде жүргізіледі: мектеп жасына дейінгі бір бала үшін – 9 АЕК, мектеп жасындағы бір бала үшін – 10 АЕК.

Қамқоршылар немесе қорғаншылар, патронаттық тәрбиешілер қамқорындағылардың мүлкіне, төленетін алименттерге, зейнетақыға, қамқорлығындағыларды асырауға ұсынылатын әлеуметтік төлемдерге үміткер бола алмайды. Оларды тек баланы асырауға және күтуге ғана жұмсай алады. Мысалы, компьютерді сатып алу, музыкалық құрал немесе баланың дамуына пайдасын тигізетін т.б.

Қалай патронаттық тәрбиеші болуға болады? Қажетті құжаттар мен рәсімдердің тізімі

  1. Педагогикалық білімнің болуы (тиісті білімі болмағанына қарамай тілек білдіргенде орган сіздің кандидатураңызды жеке қасиеттерге назар аудара отырып қарастыруы мүмкін)).
  2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар:

- патронаттық тәрбиеші болғысы келетіндігі туралы және нысанда қаражат тағайындау туралы өтініш;

- егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрса, жұбайының (лардың) нотариалды куәландырылған келісімінің электрондық көшірмесі;

- 2008 жылға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде некеге тұрған жағдайда, егер некеде болса, неке туралы куәліктің электрондық көшірмесі;

- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (лардың) тұрғын үйін пайдалану құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған кезде);

- егер патронаттық тәрбиеші болғысы келетін адам үйленген болса, оның есірткіге, уытқа, алкогольге тәуелділіктің болмауы туралы жұбайының денсаулығы туралы анықтама;

- білім туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;

- патронаттық тәрбиеші болғысы келетін адам некеде болса, баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға ниет білдірген адамның, сондай-ақ жұбайының сотталмағандығы (болуы) туралы мәліметтер;

- білім беру ұйымында баланың (балалардың) білімі туралы куәліктің электрондық көшірмесі (мектеп оқушылары үшін);

- баланың (балалардың) пікірінің электрондық көшірмесі (он жасқа толған кезде);

- жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына қабылдағысы келетін адамдар үшін оқуды аяқтағаны туралы куәліктің электрондық көшірмесі (2020 ж. 1 шілдесінен  бастап);

- екінші деңгейлі банкте ағымдағы шот ашу туралы шарттың электрондық көшірмесі.

  1. Қамқоршылық және қорғаншылық органы  баланы тәрбиелеуге үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық шарттарына тексеру жүргізеді, оның қорытындылары бойынша акт дайындалады.
  2. Бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда қорғаншы орган баланы патронаттық тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамға жазбаша түрде дәлелді жауап береді және оған құжаттарды қайтарады.
  3. Баланы патронаттық тәрбиеге беру үшін баланы алдын ала таңдау бала күтілетін ұйымның органы мен әкімшілігінің келісімі бойынша.
  4. Патронаттық тәрбиеші және қамқоршылық органы арасында шарт жасасу. Баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт негізіндегі органның шешімі.

 

Шарт мыналарды көздейді:

- баланы (балаларды) асырау тәрбиелеу және оқыту шарттары;

- патронаттық тәрбиешілердің құқықтары және міндеттері;

- патронаттық тәрбиешілерге қатынасы бойынша органның міндеттері;

- шартты тоқтату негіздері және салдарлары.

  1. Балаларды патронаттық тәрбиешілерге беру. Міндетті құжаттарды ұсыну:

- баланың (балалардың) туу туралы куәлігі;

- медициналық құжаттама, егу картасы;

- білімі туралы құжат;

- қайтыс болғаны туралы куәліктің  көшірмесі,  сот шешімі мен үкімі,ауруы туралы немесе ата-анасын іздеу туралы анықтама және баланың (балалардың) ата-ананың қамқорлығынсыз қалуын растайтын басқа да құжаттар;

- ағалары мен әпкелерінің болуы және орналасқан орны туралы ақпарат;

- оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтер және балаға (балаларға) тиісті мүліктің тізілімі;

- балада (балаларда) тұрғын бөлменің болуын растайтын құжат;

- баланың (балалардың) жеке ісінде бар өзге де құжаттар.

  1. Сеніп тапсырылған баланың тәрбиесі мен білімі, баланың күтімі. Қамқоршылық және қорғаншылық органына қамқорлықтағының денсаулық жағдайы және оны тәрбиелеу бойынша жұмыс туралы жартыжылдық есептілікті ұсыну.  

Маған қандай қарым-қатынас түрі қолайлы және қорғаншылық, қамқоршылық, патронат арасындағы айырмашылығы қандай

Көрсеткіш

Қамқоршылық

Қорғаншылық

Патронат

Жасы және ерекше шарттары

*14 жасқа толмаған балаларға;

* психикалық ауру немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға.

*14 тен 18 жасқа дейінгі жастағы кәмелетке толмағандарға;

*әрекеттігі сотпен шектелген адамдарға (спирттік ішімдіктер және есірткі заттарын шамадан тыс қолдану салдарынан);

*Денсаулық жағдайына байланысты өз құқығын жүзеге асыра алмайтын және қорғай алмайтын және мiндеттерiн орындай алмайтын әрекетке қабiлеттi кәмелетке толған адамдарға тек олардың келісім және өтніші бойынша

уақытша отбасы қажет болатын және оны қолдау және алып жүру үшін ерекше жағдайлар жасау қажет болатын баланың жасына, мәртебесіне және жай-күйіне қарамастан.

Негізі

ата-анасының қайтыс болуы; баладан бас тартуы; ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған және қалпына келтірілмеген; белгісіз; оларды әрекетке қабілетсіз деп тану.

ата-анасының қайтыс болуы; баладан бас тартуы; ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған және қалпына келтірілмеген; белгісіз; оларды әрекетке қабілетсіз деп тану.

ата-анасының қайтыс болуы; баладан бас тартуы; ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған және қалпына келтірілмеген; белгісіз; оларды әрекетке қабілетсіз деп тану.

Ұзақтылығы

14 жасқа толу және/немесе қамқоршылықты тағайындау

сотпен әрекетке қабілетті деп танылуына дейін;

әрекеттілігі бойынша шеткеулер жойлуына дейін;

18 жасқа толуы;

сотпен әрекетке қабілетті деп танылуына дейін;

әрекеттілігі бойынша шеткеулер жойлуына дейін;

Шарттың мерзімі аяқталуына дейін

Материалдық төлемдер

балаға тағайындалған барлық жеңілдіктер және әлеуметтік төлемдер (асыраушысынан айрылуы бойынша, мүгедектігі бойынша, алименттер және басқалары), сондай-ақ балаға тиіесілі мүліктен;

қажет болған жағдайда – қамқорлыққа алынған баланы асырап алуға.

балаға тағайындалған барлық жеңілдіктер және әлеуметтік төлемдер (асыраушысынан айрылуы бойынша, мүгедектігі бойынша, алименттер және басқалары), сондай-ақ балаға тиіесілі мүліктен;

қажет болған жағдайда - баланы асырауға жәрдемақы.

балаға тағайындалған барлық жеңілдіктер және әлеуметтік төлемдер (асыраушысынан айрылуы бойынша, мүгедектігі бойынша, алименттер және басқалары), сондай-ақ балаға тиіесілі мүліктен;

қажет болған жағдайда – қамқорлыққа алынған баланы асырауға жәрдемақы.

Үміткердің артықшылығы

Баламен туыстас байланысы

Баламен туыстас байланысы

Педагогикалық қызметкер мәртебесі

Асырап алушы ата-ана мектебі не үшін қажет

Асырап алушы ата-ана мектебінің мақсаты - ата-ана болуға даярлау, бала асырап алуға, шарттарын түсіндіруге, тәртібі мен барлық қажетті іс-шараларды даярлануға көмек көрсету, тыңдаушыларға жаңа сәтті отбасын құру бойынша қажетті білім беру.

Асырап алушылар мектебі асыраушы ата-ана, қамқоршы, қорғаншы болғысы келетін, бала асырағысы келетін, сонымен қатар мұны жүзеге асырып қойған жандар үшін құрылған. Мектеп асырап алушы ата-ана болуға кандидаттарды даярлайды, тәрбиелеуге алынған балаларды тәрбиелеу мен дамуы мәселелері бойынша асырап алушы отбасыларға жәрдем көрсетеді, сонымен қатар заңдық көмек те көрсетеді. Потенциалды кандидаттарға бала асырап алу бойынша көмектесу үшін, осы немесе өзге де сұрақтар бойынша, асырап алушы ата-ана мектебінде семинарлар, тренингтер, дәрістер, үйретуші курстар мен тәжірибе сабақтары жүргізіледі.

Егер сіз тәрбиелеуге бала асырап алуға шешім қабылдасаңыз, онда мектеп түсінуге көмектеседі: 

- сіз үшін едәуір қолайлы отбасының өміршеңдік формасы қайсы екенін;

- қажетті құжаттарды қалай дайындау қажет;

- асырап алу құпиясына қалай қарау керек: жасыру керек пе әлде мақтан тұтқан жөн бе;

- баланың бейімделуіне қалай жәрдемдесу керек;

- отбасыға баланы қабылдауда қалай көмектесу қажет;

- баланың тәртібі түсініксіз болған жағдайда не істеу қажет;

- баланың дамуына генетикалық және әлеуметтік факторлар қалай әсер етеді және өзге де көптеген жайттар.

Асырап алушы ата-аналар мектебі

Мектептің атауы Қай мекеменің жанында құрылған

Мекенжайы,

байланыс телефондары

Басшының ТАӘ

1

«Жанұя» асыраушы  ата-аналар мектебі 

  «Жанұя» ОК

Алматы қ., Беғалин көш., 82, тел. 87272911668, 87272913886

Күлсарина Ляззат Әскерғалиевна

2 Асыраушы ата-аналар мектебі «SOS Алматы балалар ауылы» МЕМ

Алматы қ., Луганский көш., 95, тел. 8(727)2635786

Нурсеитова Алла Александровна

Алматы қаласының балалар үйлерінің байланыстары

Мекеменің аталуы

Мекеменің мекен жайы, телефондары

Басшының тегі, аты, әкесінің аты

1

Алматы қаласы мамандандырылған сәбилер үйі

Алматы қ-сы, пр.Достық, 107/5, уг.ул.Хаджимукана

8(727) 2647589

8(727) 2647858

Кожамкулова Латифа Камзаевна

директор

2

Үміт үйі

Алматы қ-сы, Елібеков к-сі, 22а үй

8(727) 2640549

Менлибекова Жулдыз Жолдасбековна - директор

3

«Жанұя» мамандандырылған кешені

Алматы қ-сы, Бегалин к-сі, 82 үй

8(727) 2916984

8(727) 2911668

Даулетбекова Марина Маратовна

директордың міндетін атқарушы

4

Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді уақытша ұстау орны

Алматы қ-сы, Райымбек даңғылы, 405 Б

8(727) 2464412

8(727) 2464489

Беркимбаева Бибигуль Төлегеновна - директор

5

SOS Алматы балалар қалашығы

Алматы қ-сы,

Луганский к-сі, 95 үй

8(727) 2635786

Нурсеитова Алла Александровна – директордың міндетін атқарушы

6

«Жастар үйі» әлеуметтік мекемелердің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы

Жетісу-2 ықшам ауданы, 79 үй

8(727) 2265502

Ажибеков Дархан Сайранович -  директордың міндетін атқарушы

Алматы қалаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдарының байланыстары

Аудан/қала

Қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын атқаратын орган

Қамқоршылық және қорғаншылық функцияларын атқаратын органның мекенжайы

Байланыс телефондары

Электронды  поштаның мекенжайы (e-mail)

1

Алматы қаласы Білім басқармасы

Қорғаншылық және қамқоршылық бөліміні басшысы

Тасирова Жанна Рахимовна

Республика алаңы, 4

262-27-34

262-27-38

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

2

Алатау ауданы білім бөлімі

Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы

Туякбаева Назым Айдаровна

Саялы ш/а, Аккайнар к-сі, 7 №180 ЖББМ ғимаратында

385-73-82

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

3

Алмалы ауданы білім бөлімі

Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы

Тажиева Бейбиткуль Муратовна

Богенбай батыр к-сі, 260

№124 ЖББМ ғимаратында

375-92-29

375-34-45

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

4

Әуезов ауданы білім бөлімі

Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы

Арапов Басентин Арапович

10 ш/а, 23 үй                     

№1 мектеп-гимназия ғимаратында

303-42-51                303-25-11

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

5

Бостандық ауданы білім бөлімі

Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы

Өтей Ескендір Арыстанбекұлы

Гагарин к-сі, 311               

№146 мектеп-лицей ғимаратында

302-18-17

302-18-20

302-18-21

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

6

Жетісу ауданы білім бөлімі

Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы

Тлеубаева Индира Арыстанбековна

Айнабұлак-2 ш/а, 65 А

№137 ЖББМ ғимаратында

251-87-90

251-87-50

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

7

Медеу ауданы білім бөлімі

Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы

Кемебаева Айткуль Дандыбаевна

Калдаяков к-сі, 62                   №33 мектеп-лицей ғимаратында

291-78-12

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

8

Наурызбай ауданы білім бөлімі

Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы

Дуйсенбаева Жанат Кыргызбековна

Таусамалы ш/а, Жандосов к-сі, 2   №187 ЖББМ ғимаратында

385-32-36,

385-29-31

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

9

Түрксіб ауданы білім бөлімі

Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы

Кенжебекова Умит Рапиковна

Шолохов к-сі, 72         №83 гимназия ғимаратында

232-74-11

234-12-54

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүлкін қалай сақтау керек

Бүгінгі таңда жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау көкейтесті мәселелердің бірі. Бала интернатты мекемеде тәрбиеленген кезде, баланың құқығы бар тұрғын үйдің  бөлігі  жайдан-жай  сатылып кетеді. Алайда оған тұрғын үйдің бөлігінің қандай да бір құны өтелмейді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «29» қарашадағы № 1271 қаулысымен Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары бекітілді.

Аталған қаулыға сәйкес тұрғын үйінің сақталуын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрі – органдар) қамтамасыз етедi.

Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылық, патронаттық тәрбиелеуге бергенге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды органдар қамтамасыз етедi.

Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру кезінде олардың тұрғын үйін сақтауды балалардың заңды өкілдері қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан орган жалдаған тұрғын үй балаларда олар білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдарда болған кезеңде, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде болғанда кәмелетке толғанға дейін сақталады.

Он төрт жасқа толмаған балалардың тұрғын үйін иеліктен шығаруға, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасауға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелер жасасуға жол берілмейді.

Балалардың тұрғын үйін кім есепке алады?

Органдар балалардың тұрғын үйінің бар-жоғын анықтайды және оларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алады.

Балаларда тұрғын үйінің бар екені анықталған жағдайда, органдар:

тексерілетін тұрғын үйде тіркелген адамдар, сондай-ақ нақты тұратын адамдарды көрсете отырып, тұрғын үйдің техникалық, санитариялық жай-күйі туралы актіні;

әрқайсысының ерекше белгілерін көрсете отырып, тұрғын үйдегі мүліктің тізімдемесін жасайды.

Тізімдеме мен акт 2 данада жасалады:

бір данасы тиісті тұрғын үй орналасқан аумақтағы органда;

екінші данасы баланың заңды өкілдерінде болады.

Балалардың тұрғын үйіне қорғаншылықты кім белгiлейді?

Органдар балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру қажеттілігі туралы белгiлi болған сәттен бастап бiр ай iшiнде балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық белгiлейдi.

Тұрғын үйге қорғаншылық органның тұрғын үйге қорғаншылық белгілеу туралы шешім шығаруы жолымен белгіленеді. Аталған шешім аумақтық әділет органдарына осы мәмілелер жасауға тыйым салу туралы қорғау хаттарын жолдау негізінде шығарылады.

Заңнама жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беруге тиым салмайды. 

Баланың заңды өкілдері қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімімен балалардың тұрғын үйін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі шарт негізінде жалға (жалдауға) бере алады.

Тұрғын үйді жалға (жалдауға) беруге келісім алу үшін баланың заңды өкілдері қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органға мынадай құжаттарды береді:

Еркін нысанда ресімделетін балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беру үшін рұқсат алуға өтініш;

10 жасқа толған, тұрғын үйге меншiк құқығы немесе тұрғын үйді пайдалану құқығы бар кәмелетке толмаған баланың келісім-анықтамасы;

Заңды өкілдің және балалардың жеке басын куәландыратын; балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру немесе білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру туралы құжаттардың көшірмесі;

Тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері.

Балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беруге органдардың келісім беруі құжаттар келіп түскенін сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Заңды өкілдер тұрғын үйді жалға алу (жалдау) шарты бойынша алынған ақшаны балалардың банктік шотына аударға тиіс.

Балалардың тұрғын үйін жалға (қосымша жалға) беру шартын жасау немесе оның қолданысын тоқтату (бұзу) кезінде тұрғын үй балалардың заңды өкілдерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, жалға алушының (қосымша жалдаушының) қатысуымен қабылдау-беру актісі бойынша беріледі.

Балалардың заңды өкілдерінің балалардың тұрғын үйін сақтау бойынша міндеттерін орындауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес органдар жүзеге асырады.

Баланың заңды өкілдері тұрғын үй есепте тұрған органға алты айда кемінде бір рет осы тұрғын үйдің жай-күйі, тұрғын үйге қатысты жүзеге асырылатын іс-әрекеттер туралы мәліметтерді қамтитын қамқорлығындағы баланың тұрғын үйін басқару жөніндегі еркін нысандағы есепті береді.

Баланың заңды өкілдері тұрғын үйді сақтау бойынша міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда, қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган заңды өкілдерді олардың міндеттерінен шеттетеді.

 

Ақпарат көзі: https://egov.kz/cms/kk/articles/child/2Fpatronat_care