Алматы қаласы әкімі аппаратының тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен қазақ тілін тегін үйрететін курс өз жұмысын бастады.
Оқыту төмендегі аудиторияларды қамтиды:
- мемлекеттік қызметшілер;
- қала тұрғындары;
- этнос өкілдері;
- кәсіпкерлік (сауда-ойын сауық орталығының, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру) саласының қызметкерлері.
Оқыту тамыз-желтоқсан айларында, онлайн және оффлайн форматта, тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлініп, әр топқа аптасына 2 рет жүргізіледі.
Өтетін орындары:
- Алатау ауданы – Alatay creativ hub, Нұркент ш/а, 5/11;
- Алмалы ауданы – Алмалы кітапханасы, Мәуленов к-сі, 46;
- Әуезов ауданы - Әуезов ауданы әкімінің аппараты, Алтынсарин данғылы, 23;
- Бостандық ауданы - Бостандық ауданы әкімінің аппараты, Айманов к-сі, 191
- Жетісу ауданы – Жетісу ауданының Мәдениет үйі, Есім хан к-сі, 127а;
- Медеу ауданы – Жетбаев к-сі, 2;
- Наурызбай ауданы – Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, Шұғыла ш/а, 347;
- Турксіб ауданы - №1 балалар кітапханасы, Л. Толстой к-сі, 36.
Қазақ тілін үйрену курсына жоғарыда көрсетілген топтарға жататын 18 жасқа толған барлық тұлғалар қатыса алады.
Байланыс телефондары:
- Мемлекеттік тілді дамыту институты - 8 776 830 03 67, 8 747 793 52 64;
- Алатау район – 299-86-49;
- Алмалы район – 8 776 830 03 67;
- Әуезов район – 303-25-58;
- Бостандық район – 275-50-68;
- Жетісу район – 384-27-54/75; 8 700 770 70 73;
- Медеу район – 291-64-34;
- Наурызбай район – 307-45-53; 8 708 767 97 41;
- Түрксіб район – 223-11-15.